— Жыл басынан бері көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар, — делінген хабарламада.
Нәтижесінде 18 бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді, 80 әкімшілік айыппұл 110 млн теңге сомасында салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді. Қазіргі уақытта қосымша 4 млн теңгеге жуық айыппұл мен 2,4 млрд теңге залалды өндіру бойынша материалдар қаралып жатыр.
Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.
Айта кетейік, мұнай-газ секторындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелері талқыланды.