Мұнай нарығында Brent пен WTI арзандады

АЛМАТЫ.KAZINFORM - Әлемдік нарықта Brent және WTI маркалы мұнай бағасы жұма күні сауда қорытындысы бойынша төмендеді. Ал Urals маркалы мұнай қымбаттады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Жұма күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 90,76 доллардан саудаланды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,80%-ға төмен.

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 103,34 доллар болып, 0,90% арзандады.

Ал Urals маркалы мұнайдың бағасы 2,55 долларға немесе 2,10% өсіп, барреліне 123,93 долларға жетті.

Brent маркалы мұнай жұма күні төмендегеніне қарамастан, апталық өсімін сақтап отыр. Бұған дейін оның бағасы шамамен 4% көтерілген. Ал WTI маркалы мұнай аз төмендеді.

Нарық қатысушылары Ормуз бұғазындағы жағдайды да жіті бақылап отыр. Қақтығыс басталғанға дейін бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай мен мұнай өнімдері тұтынуының шамамен 20%-на тең көлемде жеткізілім жүзеге асырылған.

Еске салсақ, Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан мұнай бағасы шарықтап жатқаны айтылды.