Мұнай нарығында WTI және Brent сәл қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 21 қазан таңертең мұнай бағасы сәл өсті.

Фото: azertag.az

Сауда деректеріне сәйкес, WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,37%-ға өсіп, барреліне 99,19 долларға жетті.

Brent маркалы мұнай 1,48%-ға қымбаттап, барреліне 110,40 доллар болды.

Ал Urals маркалы мұнай 4,92%-ға төмендеп, барреліне 105,6 доллар болды.

Бір күн бұрын WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 98,90 доллар, Brent маркалы мұнай 110,08 доллар болды. Ал Urals маркалы мұнайдың бағасы 111,06 долларға жетті.

Таяу Шығыстағы теңіз тасымалы бағаның өсуіне ықпал етіп отыр. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазының оңтүстігінде мұнай танкері теңіз минасына соғылғанын хабарлаған. Жарылыс салдарынан кеменің машина бөлімі өртенген.