Мұнай неге арзандап барады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың арзандауының негізгі себебі, нарықта қажетті мөлшерден артық мұнай бар. Нарықтағы қара алтын сұраныстан кем дегенде 1,6 млн баррельге артық, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Бағаның арзандығынан өндірушілер шығынды өтеу үшін мұнайды көбірек сатуға тырысады. Бірақ, бұл мәжбүрлік жағдайды одан әрі ушықтырып, бағаның түсуіне әсер етіп отыр.