Бұл туралы бүгін Астанада өткен онлайн-конференция барысында Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов айтты.
«Еліміздің үш мұнай өңдеу зауытын қайта құру жұмыстарының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі жылына 17 млн. тоннаға жетеді деген ойдамыз. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы мұнай өнімдеріне деген барлық қажеттілікті толығымен қамтамасыз етуі тиіс»,- деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде еліміз жылына 13 млн. тоннаға жуық мұнайды өңдейді. «Атап айтқанда осыған 4 млн. тонна қосылатын болса, ашық түсті мұнай өнімдерінің көлемі арта түседі. Осыған орай мұнай өңдеу зауыттарындағы қайта құру жұмыстарынан кейін бұл мұнай өнімдері «Еуро-4» стандарттарына сәйкес болуы тиіс»,- деді Ә. Мағауов.