Мұнай өңдеу зауыттары 2016 жылы жанар-жағармай шығаруды 2,8 млн тоннаға дейiн ұлғайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2016 жылы жанар-жағармай шығаруды 2,8 млн тоннаға дейiн ұлғайтады. Бұл туралы "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов мәлiм еттi.

"Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту негiзiнен өңдеу техникасын жақсартуға бағытталған. Мұнай зауыттарын жаңғырту жақсы қарқынмен жүруде және келесi жылы олар жанар-жағармай шығаруды 2,1 млн. тоннадан 2,8 млн тоннаға дейiн ұлғайтады. Дизель отыны биыл 4 млн. тонна көлемiнде шықса, келесi жылы 4 млн 800 мың тоннаға жетедi", - деп атап өттi Ә.Мағауов.