«Бүгін Қашаған кен орнында ұңғымадан бірінші мұнай шапшығаны белгілі болды. Қашаған кен орнын игеру жобасының бірінші кезеңі шеңберінде атқарылған жұмыс аяқталуға жақын қалды және жоба пайдалануға беруге дайындық үстінде. Келесі игеру жобалары өндіру көлемін әлдеқайда ұлғайтады және Қашаған кен орнын энергия қорының әлемдік нарығындағы маңызды қатысушыларының деңгейіне көтереді», - деп хабарлады НКОК компаниясының аймақтық директоры Рүстем Ілиясов.
Маңғыстау облысының әкімі Аликк Айдарбаев қатысушыларды осы айрықша және маңызды оқиғамен құттықтады.
Еске сала кетейік, Қашаған кен орны Каспий өзенінің солтүстік бөлігінде орналасқан және шамамен 75 те 45 км аумақты алып жатыр. Мұнайдың геологиялық қорлары мұнайдың 30 млрд баррелінен артық бағалануда.