«Бәлкім экологиялық қауіп-қатерлерді сақтандыру жағын ойластырып алған жөн. Біз бұл мәселені бұған дейін де көтерген болатынбыз. Сондықтан ол бойынша жұмыс істеп, нақты ұсыныс беруді тапсырамын»,-деді С. Ахметов министр Сауат Мыңбаевқа қаратқан сөзінде.
16:27, 28 Қаңтар 2013
Мұнай өндіру саласындағы экологиялық қауіп-қатерлерді сақтандыру қажет - С. Ахметов
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Мұнайды барлау және өндіру жұмыстары барысында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударған жөн. ҚР мұнай-газ министрлігінің кеңейтілген мәжілісін қорытындылаған Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай айтты.