Заң жобасымен Салық кодексіне және «Мұнайдың жекелеген түрлерін өндіру мен оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы» қолданыстағы заңына өзгерістер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, талқылау барысында сенаторлар Салық кодексінің нормасын толықтыруды, соның ішінде ірі ресурс иелерінің мұнай өнімдерін шағын және орта бизнес субъектілерінің жанар-жағармай стансаларына сату мүмкіндіктері қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері нақтыланады.
Сонымен қатар, заң жобасы аясында Энергетика министрлігіне ірі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатының негізгі көрсеткіштерін бекіту құқығын беру ұсынылады.
Заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылмақ.