Мұнай өнімдері мен азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның өсімі негіссіз болды - Қ.Келімбетов

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бөлек субъектілер тарапынан мұнай өнімдері мен азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның өсімі негізсіз болды,

бұл шаралар олардың өзара ымыраласуының негізінде жасалған.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде тұрақты түрде мұнай өнімдері мен азық-түлік тауарларының бөлшек бағасына мониторинг жүргізілуде.

Атап айтқанда, бағаның өзара келісу арқылы белгілеу тұрғысындағы зиян келтіру фактілері бойынша және бәсекеге қабілеттілік талаптарының сақталмауы бойынша бәсекелестікті қорғау агенттігі биылдың он айында нарықтың 78 субъектісінің қызметіне талдау жасады. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесі тауарлар бағасының өсіміне нарықтың бөлек субъектілер тарапынан объективті себептер болмағанын көрсетті.

«Осы орайда, бағаның өсімі негізсіз түрде жоғарылаған. Яғни, бұл тұрғыда өзара ымыраласу арқылы зиян келтіріліп, бағаның өсімі қолдан белгіленген», - деп атап өтті Қ.Келімбетов.