Атап айтқанда, бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды ұзартуды көздейтін «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық әзірленді. Бұл шешім мұнай өнімдері тапшылығының туындауына жол бермеу мақсатында қабылданған.
Тыйым салу автокөлік құралдарына шығарушы зауыт орнатқан бензин бактарында, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына қолданылмайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін энергетика министрі Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында жанар-жағармай нарығындағы тиімсіз жеткізушілерге қандай шаралар қабылданып жатқанын айтқан болатын.