«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстанның қор биржасына тіркелуді жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ алдағы 3 жылдың ішінде Қазақстанның қор биржасына тіркелуді жоспарлап отыр. Оны компанияның Басқарма төрағасы Жарқын Әлжанов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ мен Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Орталық Азиядағы корпоративтік басқару жобасы арасында серіктестік жобасын жүзеге асырады. Біз инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдірмекпіз. Сондай-ақ алдағы 3 жылдың ішінде Қазақстан қор биржасының листингіне тіркелмекпіз», дейді «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ж. Әлжанов. Қазақстаннан өзге шет елдерде 50 мыңнан астам заңды және 250 мыңнан астам жеке тұлғаға қызмет көрсететін бұл компания 1995 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда оның 19 облыста өз филиалдары бар. Кеңсе қызметкерлерінің саны 14 жылдың ішінде 8 адамнан 500-ге, ал агенттерінің саны 1200-ге жетіп отыр.