«Қазіргі таңда NCOC, яғни Қашаған мен Солтүстік Каспий жобасын басқарушы компания қайта құрылуда. Осыған байланысты басқару жүйесінің жаңа бірлестігі, яғни жаңа оператор құрылатын болады. Оған консорциум құрамына кіретін барлық мердігерлердің үздік мамандары қатысатын болады», деді ол.
Оның атап өтуінше, оператордың ауысуы мердігерлердің және қазақстандық тараптың осы уақытқа дейінгі оператордың ұйымдастыру жүйесіне қанағаттанбауы себеп болған.
«Ол барынша қымбат болды әрі ең бастысы шешім қабылдау және ұйымдастырушылық тұрғыда ұзақ уақытты алатын. Өйткені, иерархия барынша күрделі еді», деді Ұ.Қарабалин.