Төтенше жағдай Туринская Слобода кентіндегі қазандықта болған. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, цистернадан түк қалмаған, деп хабарлады Свердлов облысының Ішкі істер бас басқармасынан.
Балалар газ айдайтын құбырлардың маңында сіріңкемен ойнап жүрсе керек, дейді ондағылар. Соның нәтижесінде ауа-газ қоспасы жарылған. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансысы.