Жұма күні Brent мұнайының бағасы 3,02 долларға немесе 2,81%-ға, ал WTI 2,43 долларға немесе 2,37%-ға арзандады. Соған қарамастан, апта қорытындысы бойынша екі марканың да бағасы мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдер мен Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында 8%-дан астам өсті.
Мұнай тасымалындағы іркілістер мен негізгі жеткізу бағыттарына қатысты қауіптің сақталуы нарыққа қосымша қысым көрсетіп отыр. Нарық қатысушылары Ормуз бұғазындағы жағдайды және өңірден шикізат экспортындағы басқа да тәуекелдерді бақылап отыр.
Бұған дейін Kazinform 12 қыркүйекте мұнай бағасының барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде сақталғанын хабарлаған еді. Сол кезде Brent барреліне 104,61 доллардан, WTI 100,05 доллардан саудаланды.
Сондай-ақ мұнай бағасы алғаш рет 24 шілдеден бері барреліне 101 доллардан асқаны туралы жаздық.