Мұнайдың әлемдегі бағасы құбылып тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында мұнайдың әлем бойынша бағасы әртүрлі болып отыр. Бұны сауда барысындағы көрсеткіштер растап отыр, деп жазады Gazeta.ru.

WTI маркілі жеңіл мұнайдың сәуір айына белгіленген фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,19 пайызға төмендеп, барреліне $53,23 құрады. Лондонның ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,23 пайызға өсіп, барреліне $56,03 құрады.