Мұнайдың әлемдегі бағасы өсті
02:56, 11 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында электрондық сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік баға өскені байқалады, деп хабарлады Gazeta.ru.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайға тамыздық фьючерстер 0,32%-ке, барреліне $44,37 дейін өсті. Лондондық ICE Futures биржасында қыркүйектегі жеткізумен Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,30%-ке, барреліне $46,85 дейін ұлғайды.