Ньюй-Йоркте техастық Light Sweet мұнайы 3 доллар 77 центке арзандап, баррелі 98 доллар 82 цент межесіне жетті.
Лондонда солтүстіктеңіздік Brent мұнайының баррелі 3 доллар 66 центке төмендеп, 108 доллар 22 цент болды.
Сарапшылар АҚШ-тағы саудаға қатысты мұнай бағасының арзандауын «қара алтынның» биржалық алыпсатарлық саудасымен байланыстырады. Екінші себеп - еуроаймақтағы жалғасып отырған проблемалар болып отыр.