Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан төмендеді

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, тамыздың 11-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді,

деп     хабарлайды РосБизнесКонсалтинг  агенттігі.

Алдағы айда  жеткізілетін  мұнай  фьючерстерінің  ресми  бағасы:

- Лондон биржасында -IPE Brent Crude маркалы мұнай  үшін - 1,04 долларға арзандап, 72,46 доллар/баррельді  құраса;

-   Нью-Йорк  биржасында  - Light, Sweet Crude Oil  маркалы мұнай  үшін - 1,15 долларға    арзандап,  69,45 доллар/баррельге түсті.