Дүйсенбі күнгі саудада бұл маркалы мұнай баррелінің құны 81,53 долларға жеткенімен, күн соңында 79,65 доллар болды. Сауда жүргізілген жердің уақытымен 10 қаңтар күнгі сағат 10:21-дегі жағдай бойынша элиталық мұнай маркасының бағасы 0,29 пайызға өсіп, барреліне 79,690 долларды құрады. Бағаның өсуіне Қытай шекарасының ашылуы себеп болды.
Фото: www.reuters.com