Мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым төмендеді

ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, шілденің 6-сында өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым төмендеді,

 деп   хабарлайды  ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме  жасап.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің  ресми  бағасы: 

Лондон  биржасында - Brent Crude Oil  маркалы мұнай  үшін -  1,56 долларға арзандап,  64,05   доллар/баррельді құраса,  Нью-Йоркте -  Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін - 2,68 долларға арзандап, 64,05  доллар/баррельді   құрады.