Мұнайдың әлемдік бағасы әр бағытта өзгерді

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, тамыздың 4-інде өткен сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы әр бағытта өзгерді,

деп хабарлайды   ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Алдағы айда  жеткізілетін мұнай фьючерстрінің  ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,73  долларға қымбаттап, 74,28  доллар/баррельді құраса, Нью-Йорке биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін  - 0,16  долларға    арзандап, 71,42  доллар/баррелді құрады.