Мұнайдың әлемдік бағасы әр бағытта өзгерді

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат -Жетекші мұнай биржаларында тамыздың 20-сында өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы әр бағытта өзгерді,

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

 Алдағы айдағы  мұнай фьючерстерінің  ресми бағасы:  Лондон биржасында - IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 1,26 долларға  арзандап, 73,33 доллар/баррельді  құраса, Нью-Йорк биржасында  - Light, Sweet Crude Oil  маркалы мұнай  үшін -  0,12   долларға  қымбаттап, 72,54 доллар/баррельге жетті.