Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, шілденің 29-ында өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы анағұрлым арзандады. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:

- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай  үшін - 3,35 долларға   арзандап,   66,53доллар/баррельді құраса;

-   Нью-Йорк биржасында - Light, weet Crude Oil маркалы мұнай  үшін - 3,88 долларға арзандап, 63,35доллар/баррельді көрсетті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат   РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.