Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай арзандап, 90 доллардан төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 89 доллардан төмен түсті. Бұл биылғы 3 ақпанынан бергі ең төмен көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Лондонның ICE биржасында кешке қарай, Brent мұнайы 4,21%-ға құлдырап, барреліне 88,92 долларға дейін төмендеді. Сағат 16:50-де Brent бағасы бәсеңдеп, барреліне 89,1 долларды (-4,02%) құрады. Ал WTI маркалы мұнай фьючерстері 4,33%-ға төмендеп, барреліне 83,12 доллар болды.


Фото: tass.ru