Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 22-сіндегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы едәуір қымбаттады.

Алдағы  айда жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:

 -  Лондон биржасында - IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 1,84 долларға  қымбаттап,  70,53доллар/баррельді  құраса;

- Нью-Йорк  биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін  - 1,84 долларға  қымбаттап,  71,55 доллар/баррельге жетті.