Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

АСТАНА Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында желтоқсанның 23-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді.

Алдағы  айда жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің    ресми бағасы: Лондон биржасында  - IPE Brent Crude маркалы мұнай  үшін  - 1,99 долларға  қымбаттап,  75,45  доллар/баррельді  құраса,  Нью-Йорк  биржасында - Light, Sweet Crude Oil  маркалы мұнай  үшін -  2,27 долларға көтеріліп, 76,67 доллар/баррельге жетті.  ҚазАқпарат бұл туралы РБК агенттігіне  сілтеме  жасап хабарлайды.