Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 2,28 долларға көтеріліп, 97,43 доллар/баррельді құраса, Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы 0,51 долларға қымбаттап, 117,75 доллар/баррельге жетті.
Қара алтынның бағасы Италия өкіметі өз қарыз проблемаларын шешу үшін орналастырған қазынашылық облигацияларының ставкаларымен қатар өсіп отыр. Италияның мемлекеттік берешегі жалпы ішкі өнімнің 120 пайызын құрайды. Еуропа елдерінің ішінде бұдан үлкен көрсеткіш тек Грекиянікі.