08:52, 18 Маусым 2009
Мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтерілді
ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - АҚШ үкіметінің елдегі шикізат қоры көлемінің азайғандығы туралы мәліметіне, биржа алаңдарындағы котировкалардың өсуіне және америка валютасы бағамының құлдырауына байланысты,
сәрсенбі күні әлемдік нарықтарда мұнай бағасы қайта көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рейтер агенттігіне сілтеме жасап. Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың шілде айына жасалған фьючерстерінің құны 0,56 долларға қыбаттап, 71,03 доллар/баррельге жетті.Ал Лондон биржасында сауда қорытындысы бойынша Brent Crude Oil маркалы мұнайдың тамыз айына жасалған фьючерстерінің бағасы 0,61 долларға көтеріліп, 70,58 доллар/баррельді құрады.