Мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтерілді

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында ақпанның 24-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша «қара алтынның» әлемдік бағасы көтерілді,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,84 долларға қымбаттап, 78,09 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 1,14 долларға қымбаттап, 80.00 доллар/баррельге тұрақтады.