Мұнайдың әлемдік бағасы қайта төмендеді

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтерілді. Лондон биржасында баға қатты құлдырай қоймағанымен, Нью-Йорк биржасында қара алтын баррелінің бағасы 2 доллардан астамға арзандады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Атап айтқанда, Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы қыркүйек айындағы жеткізілімнің болжамына қатысты 2,19 долларға арзандап, 97,40 доллар/баррельді құрады. Ал Лондонда Brent мұнайының баррелі 117,43 долларды шамалады, бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен 85 центке арзан.

"NYMEX-тегі бағаның қатты құлдырауына мұнай резервінің өскені туралы АҚШ Энергетика министрлігінің мәлімдемесі себеп болып отыр", - дейді сарапшылар. Ливиядан мұнай жеткізілімінің тоқтауына байланысты, АҚШ-та қазір мұнай стратегиялық резервтен алынуда. Оған қоса, Энергетика министрлігі бензинге деген сұраныстың азайғанын айтып отыр. Қалай болғанда да, бұл таң қаларлық жайт, себебі шілде - әдетте АҚШ тұрғындары жеке көліктерімен демалысқа аттанатын ай.