Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді - Лондон және Нью-Йорк биржалары
11:33, 30 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында желтоқсанның 28-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,32 долларға көтеріліп, 77,64 долалар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін 0,10 долларға қымбаттап, 78,87 доллар/баррельге жетті.