Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді - Лондон және Нью-Йорк биржалары

АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында желтоқсанның 28-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді,

деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Алдағы  айда  жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің  ресми бағасы:  Лондон биржасында  -  IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін  - 0,32 долларға көтеріліп,  77,64  долалар/баррельді  құраса,  Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil  маркалы мұнай    үшін 0,10  долларға  қымбаттап, 78,87   доллар/баррельге жетті.