Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА.  Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат -   Жетекші мұнай  биржаларында   тамыздың 24-інде өткен  сауданың  қорытындысы  бойынша мұнайдың    әлемдік  нарықтағы бағасы    тағы көтерілді,

деп  хабарлайды РБК агенттігі.

 Алдағы  айдағы мұнай фьючерстерінің     ресми бағасы:  

- Лондон    биржасында - IPE Brent Crude маркалы  мұнай үшін - 0,07 долларға  қымбаттап,   74,26 доллар/баррельге  жетсе;

- Нью-Йорк  биржасында - Light, Sweet Crude Oil  маркалы  мұнай  үшін - 0,48  долларға     қымбаттап, 74,37 доллар/баррельге  жетті.