Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА.  Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат -  Жетекші мұнай биржаларында  қыркүйектің 28-інде  өткен  сауданың  қорытындысы  бойынша мұнайдың әлемдік бағасы     көтерілді,

деп   хабарлайды РБК агенттігі. 

Алдағы  айда жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің  ресми  бағасы:

- Лондон биржасында -  IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 0,43  долларға  қымбаттап,  65,54 доллар/баррельді  құрады;

-  Нью-Йорк  биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін -  0,82 долларға көтеріліп,   66,84  доллар/баррельге жетті.