Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді
08:11, 02 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Доллар бағамының төмендеуі және энергия тұтыну көлемі бойынша әлемдегі екінші ел болып табылатын Қытай экономикасының жандануы жайлы мәліметтердің арқасында сейсенбі,
желтоқсанның 1-і күні мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтерілді.
Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстерінің құны 1,09 долларға көтеріліп, 78,37 доллар/баррельді құраса, Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 0,88 долларға қымбаттап, 79,35 доллар/баррельге жетті.