Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Доллар бағамының төмендеуі және энергия тұтыну көлемі бойынша әлемдегі екінші ел болып табылатын Қытай экономикасының жандануы жайлы мәліметтердің арқасында сейсенбі,

 желтоқсанның 1-і күні   мұнайдың әлемдік бағасы   қайта көтерілді.

 Нью-Йорк  биржасында  Light Sweet Crude Oil маркалы  мұнайдың   қаңтар  айындағы фьючерстерінің  құны  1,09 долларға көтеріліп,   78,37 доллар/баррельді   құраса,     Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы  0,88 долларға қымбаттап,  79,35  доллар/баррельге жетті.