Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 26 қаңтар күні әлемдік нарықтарда мұнай бағасы қымбаттады.

Бұған сарапшылардың айтуынша, компанияларға салық салу жүйесін оңтайландыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды ұсынған АҚШ Президенті Барак Обаманың Конгреске арнаған жолдауы әсерін тигізді, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Сауда қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы 2,66 долларға қымбаттап, 97,91 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы 1,14 долларға көтеріліп, 87,33 доллар/баррельге жетті.