Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,71 долларға қымбаттап, бір баррелі 66,87 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстерінің бағасы 0,58 долларға көтеріліп, бір баррелі 60,42 доллар болды.