Мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады
10:59, 28 Мамыр 2009
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - жетекші мұнай биржаларында мамырдың 27-сінде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE e-Brent Crude Futures Electronic маркалы мұнай үшін ? 1,26 доллар/баррельге қымбаттап, 62,50 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін -1,00 долларға қымбаттап, 63,45 доллар/баррельге жетті.Мұнай бағасының көтерілуіне АҚШ-тағы мұнай мен мұнай өнімдері қорының азаятындығы туралы хабарлар әсер етіп отыр.