Мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады
12:16, 16 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағасы өсуде. Бұған биржа деректері дәлел бола алады.
Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсі 0,62%-ға - барреліне 52,13 долларға қымбаттады.
WTI жеңіл мұнайының сәуірлік фьючерсі 0,53%-ға өсіп, барреліне 49,12 долларды құрады.