Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк электронды сауда биржаларында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде, деп хабарлайды Gazeta.ru.

 Қыркүйектегі WTI маркалы жеңіл мұнай Нью-Йорк тауарлық биржасында (NYMEX) 3,6 пайызға өсіп, баррелі 40,96 долларды құрады.

 Ал Лондонның ICE Futures  биржасында Brent маркалы мұнай 3,44 пайызға артып, баррелі 43,24 долларға жетті.