Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр - 2010 жылғы шілденің 14-індегі ICE және NYMEX саудасының қорытындысы

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы шілденің 14-інде ICE (Лондон) және NYMEX (Нью-Йорк) биржаларында өткен сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр, деп хабарлайды РБК.

Нью-Йорктың New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел сауда биржасындағы мұнайдың ресми бағасы WTI (Light Sweet) 2010 жылғы шілденің 14-індегі сауда қорытындысы бойынша 0,12 долларға қымбаттап, 76,77 долл./барр. құрады.

InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауар биржасындағы мұнайдың ресми құны Brent2010 жылғы шілденің 14-індегі сауда қорытындысы бойынша 0,11 долларға арзандап, 77,04 долл./барр. құрады.