Мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында шілденің 21-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады.

Алдағы айда жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің  ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 0,43 долларға қымбаттап,  66,87 доллар/баррельді  құраса,   Нью-Йорк биржасында   - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін  -0,74 долларға  қымбатап, 64,72  доллар/баррельге  жетті,  деп   хабарлайды  ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Баға     энерготасымалдағыштарға    деген сұраныстың артуына негіз  болуы    мүмкін  бірқатар  компаниялардың     тоқсандық   оң  статистикасына байланысты    көтеріліп отыр.