Мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, шілденің 30-ында өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы біршама қымбаттады,

деп   хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай  фьючерстерінің  ресми  бағасы:

  • - Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 3,58 долларға қымбаттап, 70,11 доллар/баррельге жетсе;
  • - Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 3,59 долларға қымбаттап, 66,94 доллар/баррельді құрады.