08:38, 16 Сәуір 2009
Мұнайдың әлемдік бағасы тағы да арзандады
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Сәуірдің 15-індегі сауда қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында «қара алтынның» әлемдік бағасы тағы да төмендеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,17 долларға арзандап, 51,79 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін ? 0,16 долларға арзандап, 49,25 доллар/баррельді құрады.