08:37, 11 Маусым 2009
Мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтерілді
ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, маусымның 10-ы күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы тағы да көтерілді.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында 1,18 долларға көтеріліп, 70,80 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында 1,32 долларға қымбаттап, 71,33 доллар/баррельді көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Мұның алдындағы күнгі сауда барысында мұнай бағасы 3 пайызға қымбаттап, сәйкесінше 69,62 доллар/баррельді және 70,01 доллар/баррельді құраған болатын.