Мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтерілді

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 17-сінде болған сауданың қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында «қара алтынның» әлемдік бағасы тағы көтерілді,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бағасы: Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін 0,59 долларға қымбаттап, 76,27 доллар/баррелді құраса; Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін 0,32 долларға көтеріліп, 77,33 доллар/баррельге жетті.