Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

СТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Наурыздың 25-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы төмендеді,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін -0,01 долларға арзандап, 79,61 доллар/баррельді құраса; Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 0,08 долларға төмендеп, 80,53 доллар/баррельді шамалады.