Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп барады

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ үкіметінің 2010 жылы әлемде энергия тұтынымының өсу қарқынына қатысты жаңа пессимистік болжамына байланысты, желтоқсанның 8-і күні әлемдік нарықтарда мұнай бағасы едәуір төмендеді.

  ҚазАқпарат  бұл туралы «РИА  «Новости» агенттігіне  сілтеме   жасап хабарлайды.

Нью-Йорк  биржасында  Light Sweet Crude Oil  маркалы мұнайдың   қаңтар  айындағы фьючерстерінің бағасы   1,31 долларға  арзандап,  72,62   доллар/баррельді  құрады.

Ал   Лондон  биржасында  Brent Crude Oil маркалы мұнайдың  қаңтар  фьючерстерінің  бағасы   сауда  қорытындысы  бойынша  1,24 долларға төмендеп, 75,19 доллар/баррель деңгейінде  тұрақтады.